Ыстық жақтардан әкелінген өсімдіктер Өскеменде өсіріле бастады
Алтайдың сан алуан табиғаты бұдан былай одан сайын түрлене түспек. Ыстық жақтардан әкелінген өскіндер енді Өскеменде нано әдіспен өсіріле бастады. Облыс орталығының сол жағалау саябағында 20 мыңға жуық өсімдіктің түрі биыл бірінші жыл қыстатылмақ. Ал аязға шыдас бермейтіндеріне мұражай қызметкерлері жылылық жасап жатыр. Даниядан жеткізілген шыршалар бар болғаны бір жарым метр ғана өседі. Биологтар гүлдер мен өсімдіктерді отырғызар алдында суыққа төзімділігін әбден зерттеген. Нәтижесінде осы өңірге жерсінетінін дәлелдепті. Александр Бочагов, биолог -Қандай өсімдіктерді өсіретінімізді бірнеше ай зерттеп, таңдадық. Өйткені осы өңірдің қысына шыдас беруі керек болды. Әрине қыста үсіп кетпес үшін арнайы жылылық жасаймыз. Қар мен аяздан қорғау үшін ағаштың үгіндісімен жабамыз.