ШҚО-да санитарлық бекеттер алынды
Естеріңізде болса, коронавирустың таралуын тоқтату үшін былтыр 1 қарашада Өскемен мен Семейге және өзге де аудандарға жолаушылардың кіріп-шығуын бақылау мақсатында 13 бекет қойылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24». Кейіннен саны 17-ге жеткен еді. Өйткені ол кезде жұқпалы індет көрсеткіші бойынша өлке көш басында тұрған еді. Қазір эпидахуал тұрақталды. 18 желтоқсаннан бастап облыс жасыл аймаққа өтті. Сондықтан сала мамандары аталған бекеттердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Дегенмен әлі де 4 бекет қызметін жалғастыратын болады. Олар – Шемонайха, Үржар, Бородулиха және Зайсан аудандарына орналасқан санитарлық өткізу бақылау пунктері. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz
Название:
ШҚО-да санитарлық бекеттер алынды
Категория:
Разное