Түркістанда су электр станциясы пайдалануға беріледі
Түркістан облысында шағын су электр станциясы пайдалануға беріледі. Қуат көзін өндіретін жаңа станция Қазығұрт ауданының Қақпақ ауылында орналасқан. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан нысан чехиялық қондырғылармен жабдықталған. Мұнда сағатына 1,5 МВт электр энергиясы өндіріледі. Жалпы жобаның құны 700 млн теңге. Станция іске қосылған кезде 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Ағын су «Зақ Келес» өзенінен арнайы тартылған құбыр арқылы жоғары қысыммен келеді. Түркістан облысы аумағында жаңартылған энергия көздерін дамытудың арнайы жоспары әзірленген. 2014-2021 жылдары аралығында өңірде жалпы қуаты 220 МВт болатын 20 жоба іске асырылды. Нәтижесінде өткен жылы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 357 млн кВт сағатты құрады. Биылғы жоспар 401 млн кВт сағатты құрап отыр. Жалпы биыл Қазығұрт ауданында 65 жобаны іске асыру көзделген. Одан бөлек аудан көлемінде 15 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған 10 мыңға жуық кәсіпкерлік нысандар бар.