Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де туыстарымның ішінен көп адамды алып кетті
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус пандемиясы салдарынан көз жұмған туыстарының жаназасына бара алмағанына күйінді. Одан бөлек, ақпарат өкілі күніге таныстарының қазасы жайлы хабарлардан көз ашпай, әбден қажыған. Ол әрбір отбасыға қайғы әкелген індет тезірек кетіп, әлемде шуақты күндер орнауын тіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында аса әсерлі жазба қалдырып, онда өзінің ішкі жан тебіренісін жеткізген. "13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы президент үндеуінде айтты. Бұл пандемия менің де туыстарымның ішінен қанша адамды алып кетті. Не жерлеуіне, не не жаназасына бармадым, көңіл де айтпадым деп анам отыр егіліп. Депрессия, стрессс, уайымның өзі адамды бір жақты қылып қояды. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой, десе де. Бәріміз дұғадамыз. Бұл күндер де өтер, кетер. Болашақтан бәрібір үміттіміз" , - деп жазды тележүргізуші.