Қайын жұртын асқан қатыгездікпен өлтірді деген Сұлтан Сәрсемәлиев тың деректермен бөлісті
Атырау облысында қайын жұртын асқан қатыгездікпен өлтірді деген Сұлтан Сәрсемәлиев соттың кезекті отырысында тың деректермен бөлісті. Күйеу бала қанды қылмыстан кейін Түркия арқылы Мекке қаласына барғанын айтады. Ол он күн бойы қасиетті мекенде құлшылық жасап, Құдайдан кешірім сұрадым деп отыр. Ең сорақысы, 29 жастағы азамат ата-енемді өлтірген соң аяушылық сезімі болмады дейді. Өз жауыздығын жылдар бойы жиналып қалған өшпенділікпен байланыстырады. Бүгінгі сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтен жауап алынды. 29 жастағы азамат қатыгездікпен қылмысқа барғанын түсініп, кінәсін толық мойындайды. Бірақ бұл сұмдық қадамға баруыма жұбайымның жақындары итермеледі деп отыр. Қанды қылмыстан кейін қатты күйзеліске түсіп, Мекке қаласынан кетіп қалғанын да жеткізді. Он күн бойы жаратқаннан жалбарынып кешірім сұрадым дейді. СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, айыпталушы: Мен барлығын саналы түрде жасадым. Бұл қарапайым қылмыс емес жылдар бойы ұзақ уақыт жиналған ашу мен кектің қорытындысы деп есептеймін. Өмірден түңіліп кеттім. Құдайдан кешірім сұрап өлейінші дедім. Мені Құдай түсінбесе, басқа ешкім түсінбейді. Тіпті, айыпталушы Жангелдин ауылына барып, ата-енемді өлтіргенім үшін өкінбеймін деп отыр. Маған айтқан ауыр сөздері, балаларымды тартып алу әрекеттеріне шыдадым. Оларға ойлануға да мүмкіндік бердім деп ағынан жарылды. Ал, Мейрамгүл Қарабалинаны пышақтау ойымда болмады. Тек намысыма тиген соң өз-өзімді ұстай алмадым дейді. СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВ, айыпталушы: Сараптамада 32 жерінен пышақтады дейді. Тым көп сияқты. Сөйлегеннен кейін, сөзінен шаршағаннан бет тұсынан екі рет соққы жасаған шығармын. 1-2 секундта құлады, құлағанша соққы жасадым. Бір жарақатты екі рет деп санамаса. Мейрамгүлден ондай сөз шықпайтын шығар, намысыма тимейтін шығар деп үміттеніп келгенмін. Сұлтан Сәрсемәлиев балаларын қайтара алмайтынын ауыр қабылдағанын әрі олармен байланысын біржола жоғалтып алудан қорыққанын айтады. Айыпталушы барлық әрекетті өзі ойластырғанын мойындады. Сондай-ақ қылмыстан кейін Қазақстаннан кетіп қалғанын, шетелде өлуге дайын болғанын айтты. Оның сөзінше, құқық қорғау органдары ұстау кезінде қарсылық танытпаған. #Информбюро #СұлтанСәрсемәлиев #БастыЖаңалықтар #Атырауоблысы #31канал