Арабтар байырғы кәсібін жаңғыртып жатыр
Араб әмірліктерінде табиғи інжу-маржан саудасы қайта жанданып келеді. Теңіз түбінен шығарылатын бағалы бұйым қазір қымбат әшекей санатына енген. Сирек кездесетін өнімге сұраныстың өскені соншалық, оны шетелден аттай қалап алдыратындар бар. Бұл іске бір есептен мемлекет те баса көңіл бөле бастады. Өйткені ұлттық құндылық ретінде дәріптелетін кәсіп кейінгі кезде сырттан көп саяхатшы тартуға сеп болып отыр. Бұл - араб жеріндегі тереңнен тамыр тартқан інжу-маржан шаруашылығы. Мұндағы жұрт мұнай өндірісіне дейін мыңдаған жылдар бойы осы кәсіппен айналысқан. Ауырлығы сонша, інжу үшін су түбіне сүңгитіндердің көбі ұзақ жасамаған. Қазір бұл шаруа арабтардың негізгі күнкөріс көзі емес. Бірақ өткенді бүгінмен байланыстырып тұрған мәдени мұра. Абу Даби, Дубай және Шарджа әмірліктері теңіз түбінен ауланған бағалы бұйымдар көрмесін жыл сайын кең ауқымда ұйымдастырады. Ебін тауып, байырғы кәсіпті заманауи бизнеске айналдырғандар бар. Теңіз маңында ашылған арнайы фермаларда олар күн сайын су астына сүңгіп, інжу-маржан тереді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әуелі әндетіп, терең тыныстап алады.Теңіз тұңғиына еш қорқынышсыз түсуге көмектесетін жаттығудың рухани мәні де зор. Ол ең алдымен сүңгуірді көбірек қабыршақ теруге ынталандырып, қосымша күш береді. #жаңалықтар #новости #24KZ #хабар24 #казахстан